Міне, оқу жылы да аяқталып қалды. Қашықтықтан оқыту... Бұл оқыту тәсіліне де үйрендік, бұл бұл оқу жылы осы бір ерекшелігімен есте қалары сөзсіз. Рас, басында балаларға, ата-аналарға, мұғалімдерге де қиын болды. Дегенмен, сол қиындықтарды біз жеңе білдік. Оқушылар, ата-аналар өздерінің ақпараттық-технологиялармен қолдану, қашықтықтан оқыту технологиясымен танысып, оларды меңгеріп те алды. Сабақ барысында аяулы ұстаздар бар күш-жігерін салып, балаларға керекті білімдерін беруге барынша тырысып