Алматы қаласы Білім басқармасының
«№189 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 298-61-07
Есепші бөлімі:
+7(727) 298-78-70
Нашар көрушілер
нұсқасы
21
мамыр
2021

Қашықтан оқыту

Міне, оқу жылы да аяқталып қалды. Қашықтықтан оқыту... Бұл оқыту тәсіліне де үйрендік, бұл бұл оқу жылы осы бір ерекшелігімен есте қалары сөзсіз. Рас, басында балаларға, ата-аналарға, мұғалімдерге де қиын болды. Дегенмен, сол қиындықтарды біз жеңе білдік. Оқушылар, ата-аналар өздерінің ақпараттық-технологиялармен қолдану, қашықтықтан оқыту технологиясымен танысып, оларды меңгеріп те алды. Сабақ барысында аяулы ұстаздар бар күш-жігерін салып, балаларға керекті білімдерін беруге барынша тырысып отырды. Біздің мектеп те қалыс қалмады. Біздің оқушылар қазақша сөйледі, оқыды, тыңдады, жазды. Сол дағдыларын түрлі әдіс-тәсілдермен жүзеге асырып отырды. Барлығына айтар алғысымыз шексіз! Бүкіл әлемді жаулап алған осы бір індетті бірге жеңіп, келесі оқу жылы өз білім ошағымыз - алтын ұя мектебіміз бізді сыңғырлаған қоңырауымен шақырсын деген тілегіміз орындалсын!🔔🔔🔔

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: