Алматы қаласы Білім басқармасының
«№189 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 298-61-07
Есепші бөлімі:
+7(727) 298-78-70
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
наурыз
2024

Наурыз мейрамы

«Наурыз – еліміздің жаңа тарихындағы кең ауқымды өзгерістерге жол ашқан жаңа саяси дәуірдің басы».

Жаңа Қазақстанның бүгінгі бейнесі — Әз Наурызбен толық үндесіп, мүлде жаңа сипатқа ие болғандай

Бүкіл тіршіліктің тынысы: байтақ даласы мен көгілдір аспаны, мөлдіреп аққан өзен-суы Жер-Ананың, тылсым табиғаттың адамзатқа мұра еткен асыл қазынасы, басты байлығы емес пе?! 

Қазақ халқымыздың келешегі — өскелең ұрпақтың қолында екендігі және табиғаттың өзін қайта түлететін де осы ұрпақ екенін тағы бір дәлелдеді. 



Ұлыстың ұлы күні қарсаңындағы бүгінгі «Жаңару күні» — табиғаттың тылсымы мен ғаламдық ғажайыптарын бойына жиған мерекеге айналды.  Бүгін, Алматы шаһарының Бостандық ауданындағы Ажагулова Самал Сериковна басқаратын  №189 жалпы орта білім беретін мектебінің 8 сынып оқушылары “Мектеп пен балабақша арасындағы сабақтастықты” нығайту мақсатында игі істі, іс-шараның жаршысы бола білді.   Заман талабына сай, әсем ғимаратты, биыл ғана бой көтерген «№189 бөбекжай-балабақшасының»  меңгерушісі Слямова Кымбат Съездовна  аумағына   ағаштар отырғызды.  


« Жаңа көшеттер – тың идеялар – ел дамуының жаңа кезеңі »  дегендей, бүгінгі еккен бұл ағаштар “мектеп пен балабақша сабақтастығының” асыл көпіріндей өнегелі бір іс болды.Сөз соңын, мектептегі аға ұрпақтың, балабақшадағы кіші ұрпаққа айтар өсиетімен аяқтауды жөн көрдік.

✨✨✨

Күннің жылулығына бөлер,

Самал желмен тербеле,

Балабақтағы бар баланы,

Әр ата-ананы,

Достық пен мейірімге бөлер,

Тамырын тереңге жайған,

Өскелең ұрпаққа —

Аға буыннан естелік болар деп аманат еттік!!





Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: